Мектеп кітапханасы - интеллектуалдық және шығармашылық даму орталығы.

Ақтөбе қалалық ғылыми - әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектебінде кітапхана меңгерушісі М. Досмаганбетованың «Мектеп кітапханасы - интеллектуалдық және шығармашылық даму орталығы» тақырыбында Ақтөбе қаласының мектеп кітапханашыларына арналған шеберлік класы отырысы өткізілді.

Шебер класына Ақтөбе қаласы білім бөліміне қарасты № 5, 13, 24, 34, 58, 62, 63, 64, 65 мектеп кітапханашылары қатысты. Алғашқы отырыста мектеп кітапханашылары шеберлік класының жұмыс жоспарымен және мектеп кітапханашыларының нормативтік құжаттарымен танысып, тәжірибе бөлісті. Шеберлік класы отырысын қалалық ғылыми әдістемелік орталық әдіскері А.Бакешова қорытындылады.